«Жолдағы балалар қауіпсіздігі» » «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен" отдела образования Кербулакского района

«Жетысу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» «Мелькомбинат негізгі орта мектебі ментепке дейінгі шағын-орталығымен» отдела образования Кербулакского района
"«Мелькомбинат негізгі орта мектебі ментепке дейінгі шағын-орталығымен» отдела образования Кербулакского района "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72836) 3-28-41
Версия для
слабовидящих
23
февраль
2022

«Жолдағы балалар қауіпсіздігі»



14 ақпан мен 23 ақпан аралығында өтіп жатқан «Жолдағы балалар қауіпсіздігі» акциясы аясында 15 ақпан күні Алматинская область Ескелді ауданы Мелькомбинат негізгі орта мектебінің ЮПТ инспекторы С.М.Жумадилов мектеп оқушыларын жолда жүру ережесімен таныстыру жұмысын жүргізді. 
Мақсаты: Жолда жүру ережесін дұрыс түсініп оны пайдалана білуге үйрету.
Оқушыларды жауапкершілікке, сергектікке, жол ережесін бұлжытпай сақтауға тәрбиелеу. Балаларға жол белгілерін қайталату арқылы, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.
Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.
Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.
Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.
Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!деп ақыл-кеңесін беріп,кездесуді аяқтады.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив