13
март
2024
"Көктем аруы-2024"сайыс
Мектебімізде "Көктем аруы-2024" атты қыз сыны байқауы өтті. Байқауға 5-9 сыныптар арасынан қыздар қатысты.
Мақсаты:
1. Қыздарды халқымыздың ізгі қасиеттері: имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. негізінде тәрбиелеу.
2. Әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу. Табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу.
Сайысқа 11 қыз белсене қатысты. Қыздар 1. «Мен қазақтың қызымын» таныстыру
(қатысушылар өздерін осы сөзбен, өлеңмен, әнмен таныстырды)
2. «Қыз еркем –өнерімен көркем»
(Әр қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетті)
3.Сән үлгі көрсету . Әділқазылар алқалары:
1.Көркем еңбек пәні мұғалімі:Маратов Мурат Қайратович
2.Маткматика пәні мұғалімі:Салиқ Серік
3. Мектебіміздің кітапханашысы: Төреханова Асия
4.География пәні мұғалімі: Байгенже Мақсат
Сайыс нәтижесі бойынша:
8 "А"-сынып оқушысы Хаяратқызы Назым-бас жүлде.
Қалған сынып оқушылары номинацияларға иеленді. #біртұтас_тәрбие#Өзінөзі-басқару#Жасұлан
Қыздардың бәріне сыйлық берілді және марапатталды.