Тәуелсіздік күні
2.https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1440225263592070&id=100028138308158&mibextid=Nif5oz
14-желтоқсан күні ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде «Тәуелсіздік — тұғырым» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді.
Мерекелік іс-шараның салтанатты ашылуында рәсімдік топтың сүймелдеуімен Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы кіргізіліп, мемлекеттік Гимн орындалды.
Мерекелік бағдарламаның мақсаты — жас буынды егемендік жылдарындағы жетістіктерімізбен таныстырып, олардың бойындағы патриоттық құндылықтарды дамыту.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, көрермен көзайымына айналды. Тәуелсіздік тақырыбындағы әндер мен күйлер орындалып, өлең-жырлар оқылды. Іс-шара соңында мерекелік бағдарламаға 5-9 сынып оқушылары белсене қатысты.
Іс-шара қонақтарына ата-бабамыз армандаған Тәуелсіздікке қол жеткізу жолында сонау «Жоңғар шапқыншылығынан» бастау алған және бүгінгі бейбіт өмірге дейінгі тарихтан сыр шертетін «Қазақстан Тәуелсідік жолында» атты хроникалық-деректі фильм көрсетілді.Балалар әрбір оқыған өлең шумақтарында Тәуелсіз Қазақстан перзенттері екенін мақтан тұтты
школьноесамоуправление# школьныйпарламент# студенческийпарламент #Өзінөзібасқару