13
март
2023
"Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз" сынып сағаты
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен" отдела образования Кербулакского районанде Наурыз айында мектепте 8-9 сыныптар арасында "Жемқорлықпен күресу-басты міндетіміз" тақырыбында сынып сағаттар өткізілді. Сабақтың мақсаты:
"Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.
Өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымдарын кеңейту. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.
Сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Әсіресе, сыбайлас жемқорлық мемлекеттік билік органдарында қауіпті. Бұл жағдайда ол мемлекеттік қызметшілердің шешім қабылдауда беделін түсіретін өкілеттілігінің және қатаң құқықтық есеп берудің, шенеуніктерді қадағалаудың жоқтығынан биліктің монополияға айналуына әкеліп соқтырады. Ол еліміздің, қоғамымыздың және жекелеген азаматтардың мүдделеріне көп зиян келтіреді.
#Адалұрпақ #ЖетісуОблысыӨзінөзіБасқару#РУМЦДО#ШкольноеСамоуправлениеЖетісу@sherraisa@rumcdo_official@zhetysu_bilim_baskarmasy