«Туған өлкенің тарихы,айтулы оқиғалар»
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» отдела образования Кербулакского районанде
2023 жылдың 12 қаңтар күні«Туған өлкенің тарихы,айтулы оқиғалар»
жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы-атты "Көшбасшы алаңы" интеллектуалды байқауы өтті. Байқауға "Жастар" және "Достық" командалары сайысып соңында "Жастар" командасының спикерлері жеңіске жетті. Мақсаты:
- белгілі бір фактілерді зерттеуге, болжауға, жүйелеп сөйлеуге, өз көзқарасын ашық та жүйелі етіп дәлелдеуге және өз бағытын дұрыс ұсынуға жетелеу;
- қарсы пікірдегі адамдардың қойылған мәселелерін жан-жақты қарап, ойланып-толғануға көмектесу;
- сөйлеу дағдысын қалыптастыру;
- өз көзқарасын айтуға машықтандыру;
Жақтаушы топ тарапынан
Касымов Бекзат, Байбекова Дария , Серікжан Қуаныш
Даттаушы топ тарапынан
Жанзаков Азамат,Асанбек Анель,Казбек Аружан
Дебат барысында топ спикерлері төмендегі талаптармен таныстырылды:
1. Дебат ережесін сақтау
2. Тақырыптан ауытқымау.
3. Сөйлеу шеберлігі
4. Жоғары мәдениеттілік
5. Өзіндік айқын көзқарастың болуы
Сонымен бірге төменде көрсетілген пікірталас ойын шарттарымен де таныстырылды:
1. Әр топ өзін таныстыру.
2. Екі топ өз ойларын ортаға салады
3. Регламент сақтау
4. Екі топ өзара сұрақ алмасады
5. Көрермендердің топ мүшелеріне сұрақтары
Екі топтың оқушылары да пікірсайысқа белсене қатысып өз тарапынан тың мәліметтермен мысалдар келтіріп отырды. Оқушылардың бойынан саяси мәдениетілікті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілігі барын, сыни ойлау қабілеттерінің қалыптасқанын көрсете алды.Екі топтың оқушылары да өте белсен қатысты. Және де болашаұта түрлі тақырыптарға құрылатын пікірсайыстарға қатысуға қызығушылықтарын білдіріп жатты. Дебат соңында үздік спикер анықталып,марапатталды. Шараға оқушылар белсенді қатысты.