18
апрель
2023
«Болашақтың кілті-өнерлі ұрпақта-2023» көркемөнерпаздар байқауы
«Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сәуір айында «Болашақтың кілті-өнерлі ұрпақта-2023» көркемөнерпаздар байқауы өткізілді.Мақсаты: Балалар бойындағы шығармашылыққа деген талпынысты арттыру,олардың дамуына қолдау көрсету, ән айту, би өнерінің кең ауқымда өрбуіне атсалысу; өскелең ұрпаққа рухани байлығымызды дәріптеу,ұлттық,эстетикалық тәлім тәрбиені жастардың бойына сіңіру, сахна мәдениетіне баулу. Дарынды оқушылардың өнерін насихаттауға үлес қосу.