«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау туралы ақпарат
15 желтоқсан күні мектепте Тәуелсіздік күніне орай «Жетісу облысы білім басқармасының Ескелді ауданы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Мелькомбинат негізгі орта мектебі мектепке дейінгі шағын-орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Жас Ұлан» ұйымына қабылдау салтанатты жиыны өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымына 11 оқушы қабылданды. Қабылданатын оқушылар «Жас Ұлан»мқатарына өтудің жауапкершіліктің мол екенін сезіне білді. Оның қатарына қабылданған оқушы мектептің қоғамдық жұмысына белсене араласып және сабақтарын үздікке оқып, өз елінің мақтанышы болатын азамат болуына міндеттейтінін сезінді.
Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының әнұранымен ашылды. Онда мектеп ұстаздары мен ата-аналар қатысты. Ұйымға қабылданушы оқушылар «Өз Отаны – Қазақстанның патриоты болуға, «Жас Ұлан» ережесін бұлжытпай сақтап отырып, өзінің достарынан соны талап ете отырып, Отанды сүюге салтанатты түрде ант берді. Мектептің ұланбасы бастаған «Жастар» өзін- өзі басқару ұйымының көшбасшылары және «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Атамекен» әнінің ырғағында жас қабылданушыларға галстуктарын тағып, кеуделеріне төс белгілерін қадап берді. Мектеп тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бектемисова А.Б және тәлімгер Оспанова Б.Б сөз сөйлеп «Жас Ұлан» ұйымдарына қабылданғандарды құттықтап, тілегін айтты. Ата-аналардың арасында да ізгі ниеттерін білдіріп жолдарына сәттілік тілеп, лебіздерін білдірді. Салтанатты жиынның жабылу рәсімі «Жас Ұланның» әнұранымен аяқталды.#ЖетісуОблысыӨзінөзіБасқару#РУМЦДО#ШкольноеСамоуправлениеЖетісу@sherraisa@rumcdo_official@zhetysu_bilim_baskarmasy