15
May
2023
Қорытынды кездесу
Қорытынды кездесу.
Қазіргі уақытта мектепішілік дебат қозғалысын дамыту — өзекті мәселе. Себебі оқушылардың бойында саяси мәдениетті, өз әрекеті үшін өзі және қоғам алдында жауапкершілікті, шығармашыл және сыни ойлау қабілетін қалыптастыру қажет. Дебат клубтарының мақсаты - оқушылардың ретке келтірілген көзқарасын, пікір мен идея алмасу қабілеттерін дамыту.
Біздің мектепте бұл бағыт жақсы дамып келеді. Соның ішінде педагог ұйымдастырушы ұйымдастырған «Жастар» дебат клубын ерекше атап өтуге болады.
Дебаттар мына сыныптарда өткізілді: 8-9 сыныбы, « Компьюерлер мұғалімдерді алмастыра ала ма?» , «Мектеп денсаулықты нығайту ортасы»-тақырыбында дебаттық сайыс, «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны», «Оқушылардың тәртібі үшін ата-анаға қандай тәртіптік жаза қолданылады?» , «Сыбайлас жемқорлық-ғасыр дерті»,
«Туған өлкенің тарихы,айтулы оқиғалар», «Қазақстанның жастары қаншалықты патриот?» , «Азаматтық адамның құқығы немесе міндеті ме?, «Қазіргі қазақ жастары қандай?», «Туризмнің қоғамға тигізер пайдасынан кесірі көбірек» тақырыптарыптарына өтілді. Оқушылар өте белсенді қатысып, пәнге деген қызығушылығы оянғандығы байқалды. Биыл «Жастар» дебат клубының мүшелері 2022 жылы Касымов Бекзат және Байбекова Дария аудандық Өскелең ұрпақтың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұшқыр ой алаңы»,«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында аудандық дебат пікірсайысына қатысып жүлделі 1-орын иеленді. 2023 оқу жылы аудан көлемінде Касымов Бекзат және Жанзаков Азамат Өскелең ұрпақтың патриотизмі мен азаматтылығын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған «Ұшқыр ой алаңы»,«Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті» тақырыбында аудандық дебат пікірсайысына қатысып жүлделі 1-орын иеленді.Қорыта келе оқушылар биыл өте жақсы деңгейде қатысып,өздерің жоғары дәрежеде көрсете алды!