07
April
2023
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.
7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні.Мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, оқушылардың өнер мен денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін балаларға ұғындыру. Өзін-өзі күте білуге, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу, әдемілікті, сұлулықты сезіне білуге баулу.7 сәуір –Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын бүкіл әлемде аталып өтеді. Барша халықты салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға шақыратын денсаулық күнінің тарихына келсек, бұл күнді атап өту 1948 жылдың 7 сәуірінен басталған. Осыған орай жоспар жасалынып, іс-шаралар өткізілді. Мектебімізде «Денсаулық-зор байлық» тақырыбында фестиваль өткізілді. Мектеп директоры Л.А.Абдыкуловна оқушылар мен ұстаздарды салауатты өмір салты мен денсаулықты жақсартуға, өмір бойы жақсы денсаулықпен ұзақ өмір сүріп, отбасы мен қоғамның белсенді мүшесі болатынына көңіл бөлуге шақырды. Оқушылар жаттығулар жасап, флешмоб ұйымдастырып, бірыңғай би биледі. Дене шынықтыру пән мұғалімдері 1-9 сыныптар арасында спорттық ойындар өткізді. Жарыс соңында жеңімпаз оқушылар мадақтамамен марапатталды.
1-4сыныптың сынып жетекшілері «Дұрыс тамақтану-заманауи өмір негізі» тақырыбында танымдық сағаттарын өткізсе, 6-7 сыныптың сынып жетекшілері «Денсаулық-байлықтан қымбат» тақырыбында тәрбие сағаттарын өткізді. Сынып сағаттарында оқушыларға адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, басты байлық екендігі ұғындырылды. Тиімді тамақтанудың денсаулық үшін қажеттілігі туралы түрлі слайдтар мен бейнероликтер көрсетілді. #ЖетісуОблысыӨзінөзіБасқару#РУМЦДО#ШкольноеСамоуправлениеЖетісу@sherraisa@rumcdo_official@zhetysu_bilim_baskarmasy